Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда топырақтың сортаңдануының картасы жасалды

11.09.2018

6107

«Қазақстанның топырақ құнарлылығын сақтау және көбейту» («Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС) бағдарламасы бойынша:
- Алматы және Қызықлорда облыстарында күріш егілген 400 га аумаққа өндірістік сынақ жүргізілді. Күрішті тамшылата суарып өсіруді қолданудың ғылыми негізі әзірленді. Тамшылата суару минералды қоректендіру элементтерін жоғалтпауына септігін тигізеді, қарашіріктің жалпы құрамы мен сапасына оң әсер етеді. Алматы және Қызылорда облыстарында күріш өнімділігі мен көбеюін арттыру бойынша ұсыныстар дайындалды;
- ОҚО Шәуілдірдегі жүгері өнімділігі және сортаңдалған топырақ құнарлылығын арттыру технологиясының элементтері әзірленді және осы бойынша ұсыныстар дайындалды;
- Алматы облысының топырақ эрозиясы, Атырау облысының жайылма-шалғынды топырағы, Қостанай облысының қара топырақ және Павлодар облысының ашық-қызғыл топырағы құнарлылығын арттыру және сақтау әдістері әзірленді және осы бойынша ұсыныстар дайындалды;
- Топырақтың сортаңдану деңгейін ғарыштан түсірілген суреттер арқылы шифрін анықтаудың алғышарттары жасалып, Арыс-Түркістан суармалы массиві топырағының сортаңдану деңгейіне қашықтықтан жергілікті мониторинг әдісі жасалды. Топырақты-ақпараттық жүйе құрылды және ғарыштан түсірілген суреттердің спектрлік ерекшеліктері мен топырақтың сортаңдануы арасындағы байланыс анықталды және осының негізінде топырақтың сортаңдануының картасы жасалды.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар