Ғылыми жаңалықтар

Никельдің 100 нм-ден кем емес бөлшектегі наноұнтақтары алынды

26.07.2018

4111

«Сұранысқа ие отандық өнеркәсіп өнімдерін алуда қара және түсті металлургия минералды-шикізат ресурстарын және техногенді қалдықтарды тиімді пайдалануды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» салалық бағдарламасы аясында («ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» филиалы, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институты) өндірістік мақсатта (талапқа сай тәжірибелік сынақтарды өткізу және жаңа үлгілерді алу) қолданудағы технологиялар мен технологиялық регламенттер әзірленді:
- Кентөбе темір кен орнын күкіртсіздендіру, бұрғыланған темір кенінен металданған концентрат алу, қара металлургиядан құрамында цинк бар қалдықтарды қайта жасау;
- қуаттылығы 300 кВА болатын пилоттық қондырғы темір марганецінен лигатура алу;
- жауапты мақсаттағы өндіріс конструкциясына арналған феррит-бейнитті кластағы төзімділігі жоғары болатты қорыту және қайта өңдеу;
- күлі көп көмір және аударылған металлургиялық қалдықтардан құрамында феррор құймасы бар кальцийді қорыту;
- тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайда 300 кВА пеште хромның кешенді құймасын алу;
- бормен силикобарий кешенді жаңа құймасы;
- қуаттылығы орташа пештердегі КАМС кешенді құймасы және Ca-Al-Mn-Si негізіндегі жаңа кешенді құйманы қорыту;
- болашағы зор электрофизикалық қасиеттері бар, наноразмерлі ферро-хром-магнитті сілтілік, сілтілік жер металдар және сирек кездесетін жер металдарды алу;
- магнийден тұз алу арқылы хромның тұз өндірісі құрамында магнийі бар қалдықтар өндірісін тиімді пайдалану;
- құрылыста пайдаланатын құрамында алтыны бар қатты концентраттарды қайта өңдеу;
- мыс өндірісі (шаң-тозаң, қалдық) құрамында мышьягы бар өнеркәсіп өнімдерін гидрометаллургиялық өңдеу;
- технологиялық ерітінділерден түсті металдарды тиімді тұндыру, қалдықсыз балқыту үшін мыс концентратымен байытылған технологиялық ерітіндіні қайта өңдеу;
- никельдің 100 нм-ден кем емес бөлшектегі наноұнтақтарын алу;
- силикаттар мен оксидтердің наноөлшемді ұнтақтарын өндіру.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар