Ғылыми жаңалықтар

Мылқаулар үшін арнайы құрылғы жасаған оқушы 5 мың доллар алды

16.07.2018

4284

Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрдәулет Таумергенов «Yakutsk International Science Fair» атты оқушылар арасында өткен Халықаралық ғылыми-конференция байқауында гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқушы ыммен жеткізілген сөздерді GloveSpeaker қолбағы арқылы ауызекі сөйлеу тіліне аударуға арналған жобаны таныстырды. Оның ойлап тапқан туындысы мылқау адамдармен қиындықсыз түсінісуге мүмкіндік береді. Сингапур ұлттық университетінің профессоры, Халықаралық зияткерлік ойындардың бағдарламалық комитеті төрағасы Леон Чуан Квек және «Майтона» компаниясының президенті Александра Баишева жеңімпазға 5 мың АҚШ долларына жазылған арнайы сертификат табыс етті», -деп хабарлайды Саха Республикасы Ұлттық кеңесінің баспасөз қызметі. I Халықаралық зияткерлік ойындардың аяқталуына арналған салтанатты рәсім 14 шілде күні Якутск қаласының «Триумф» спорттық дайындау орталығында болып өтті. Якутия үкіметі төрағасының міндетін орындаушы Владимир Солодов аталмыш ойындардың өңір үшін теңдессіз шара екенін ерекше атап кетті. «Ең алдымен, көптеген қызықты адамдарды жинағанымыз қуантады. Біздің елге 18 елдің өкілдері келіп қатысты, әсіресе сарапшылар тарапынан үлкен үлес қосылғанын байқаймыз. Ендігәрі Якутиядағы дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін ары қарай қандай бағытта нығайтатынымызды шештік», - деді В. Солодов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар