Ғылыми жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен мектеп жасына дейінгі балаларды педагогикалық-түзету технологиясы әзірленді

26.06.2018

5030

Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының профессоры, п.ғ.к. Г.М. Коржова ақыл-ойы кем, көру қабілеті нашар, естуі төмен, сөйлеу қабілеті бұзылған, мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі білім беру әлеуметтік-педагогикалық абилитация үдерісін зерттеді. Заманауи педагогикалық технологияларды үйрену әзірлемесін жасаудағы инновациялық тәсіл жүзеге асырылды. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын түзету жұмыстарына тарту мақсатын дұрыс қалыптастыру үшін мамандардың шеберлік мүмкіндіктері ашылды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 31 мақала жарық көрсе, оның 5-еуі шетелдік басылымдарда шыққан, ал басылып шыққан әдістемелік ұсынылымдар саны – 10.
Әзірленген материалдар Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі арнайы білім беру және оңалту мекемелеріне енгізілді.
Жоба нәтижесі бойынша енгізілген жаңа технологияның арқасында арнайы мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің түзету жұмыстарының сапасын артатын болады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар