Ғылыми жаңалықтар

«Жеткізу-сақтау-бөлу» базалық экономикалық бөлім элементтерінің өзара байланысының құрылымы әзірленді

25.06.2018

4496

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, т.ғ.д. Д. Н. Шоқаев даму динамикасына бірыңғай бағдарда сараптама жасауға мүмкіндік беретін «жеткізe-сақтау-бөлу» базалық экономикалық бөлім элементтерінің өзара байланысының құрылымын ұсынды. БЭБ элементтерінің жұмыс істеуін технологиялық кестесін «ағынды резервуар» қағидаты негізінде құрылды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 29 мақала жарық көрген, оның 23-і (оның 5-еуі Scopus базасына немесе нөлдік импакт-факторға ие) шелетдік басылымдарда жарияланған.
Ғылыми жобаның қорытындысы базалық экономикалық бөлім жұмыс үдерісін үлгілеу үшін Royal-Petrol компаниясына ақпараттық-еліктемелік жүйе түрінде енгізілді.
Жоба нәтижесінде алынған ғылыми әзірлемелер экономикалық кәсіпорындар мен басқа да салалардағы ақпараттық жүйе саласында маңызды болып саналады. Өнеркәсіптік жүйелерде экономикалық жағдайлардың ауытқуы мен сыртқы факторлардың әсерін есепке ала отырып жылдам сараптама жасау мен оңтайлы шешімдер қабылдау мүмкіндігінің экономикалық тиімділігі негізделеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар