Ғылыми жаңалықтар

Кедергіге төзімді қайта кодтау алғышарттарының балама нұсқасы жасалды

22.06.2018

4923

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.-м.ғ.к. Н.Н. Ташатов нақты ақпаратты электронды мәлімет түрінде сақтау үшін көпшектік қайта кодтау екілік емес түзетуші кодтар алғышартының белсенділігін арттыру әдістерін әзірледі.
Зерттеу бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 22 мақала жарық көрсе, оның 10-ы (2-еуі Scopus базасында индекстелген) шетелдік басылымдарда жарияланған. Қорғау құжаттары – 2 (ҚР патентіне өтініш)
Жоба нәтижесі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласындағы ААҚ «Темір жол транспорттарын ақпараттандыру, автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институты», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттерінде қолданысқа енгізіліп, оқу құралдары шығарылды.
Ақпаратты сақтаудың заманауи жүйесін қалыптастыруда маңызды тапсырмалардың бірі – сақтау сенімділігін арттыру, ақпаратты оқу жылдамдығын сақтау және кедергіге төзімділігі, сонымен бірге кедергіге төзімді қайта кодтау алғышарттарының баламасы негізінде сақтау мәселесі – зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы болып табылады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар