Ғылыми жаңалықтар

Дифракциялық сәулелену антеннасы жасалды

23.05.2018

4911

Әртүрлі мақсаттағы болашағы зор радиолокациялық және телекоммуникациялық жүйелердің антенна түйіні мен антенна-фидерлі жолдың элементтерін синтездеуді бұрынғы «Көкше» академиясының профессоры, ф.-м.ғ.д., С.С. Саутбеков ұсынды.
Зерттеу барысында есептеуіш электродинамиканың кез келген екі өлшемді тегіс есепті тиімді шешуге мүмкіндік беретін әмбебап кешенді бағдарлама жасалды. Нәтижесінде дифракциялық сәулелену антеннасын сканерлейтін зертханалық макет өлшенді және дайындалды. Өте жоғары жиілік диапазонында сканерлеу жылдам режимде жұмыс істейтін антенна құрылымы ұсынылды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында шетелдік басылымдарда 8 мақала жарық көрген, оның 4-еуі нөлдік импакт-факторға ие және қорғалған құжат саны – 1 (ҚР Патентіне өтініш).
Сканер жасайтын антеннаның құрылымын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға болатындығы және оның болашағының үлкен екендігі негізділді, оны сәулелендіру элементі ретінде Squint-Mode SARSystems қолдануға болады. Дифракциялық сәулелену антеннасы өзінің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша көптеген маңызды радиотехникалық жүйелерде қолдануға болады, бірақ оны кеңінен қолдану әлі күнге дейін технологиялық қиындықтарға байланысты кешеуілдеп жатыр.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар