Ғылыми жаңалықтар

Қосарлас жарақаты бар науқастарды емдеудің тиімді әдісі ұсынылды

18.05.2018

4611

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, м.ғ.д. А. К.Қоңқаев ауыр дене жарақатын алған жағдайда көп мөлшерде қансырауды қарқынды емдеуді жетілдіру жолдарын ұсынды.
Қосарлас жарақаты бар 59 науқасқа транспульмональді термодилюция тәсілімен кең көлемде гемодинамикалық мониторинг жасалды. Салыстыру тобында 2009-2011 жылдар аралығында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының анестезиология және жан сақтау бөлімінде ем алып жатқан 50 емделуші болды. Мәліметтерді сараптау барысында асқынулардың даму жиілігі мен жан сақтау бөлімінде жатудың ұзақтығының нақты статистикалық айырмашылығы байқалмады. Іріктелген 23 емделушіге коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді қолданудың инфузионды сызбанұсқасының қауіпсіздігі және бағалау тиімділігі жүргізілді. Коллоидты ерітіндіні (топтағы 10,8% коллоид топтағы 5,2%-ға қарсы) қолдану кезінде өткінші азотемияны дамытудың үлкен жиілігі анықталмады.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 9 мақала жарық көрген, оның 2-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған.
Жоба нәтижесі бойынша ауыр дене жарақатын алған науқастардың көп мөлшерде қансырауын кең көлемде жүргізілген мониторинг өлшемдері негізінде қарқынды емдеу әдісінің жетілдірілген сызбанұсқасы клиникалық тәжірибеге енгізілді. Зерттеу емделушілерді әлеуметтік қолдау мен оңалту-сауықтыруға бағытталған және емделушілердің өлім деңгейі төмендегендегендігін көрсетті.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар