Ғылыми жаңалықтар

Преэклампсияны болжау тәсілдері анықталды

17.05.2018

4961

Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының профессоры, м.ғ.д. Л.С. Каюпова преэклампсияның алдын алу және болжаудың ғылыми негізделген бағдарламасын әзірледі.
2005-2009 жылдар аралығында ауырлығы әртүрлі дәрежедегі преэклампсиямен өмірге бала әкелген 1078 емделушіге ретроспективалық талдау жасалды. Преэклампсия диагнозы қойылған аяғы ауыр және жаңа босанған 205 әйелдің және жүктілік кезінде преэклампсиядан зардап шекпеген 300 жаңа босанған әйелдердің ДНҚ-сы тексерілді. Жатырдың спиральды күретамырларын ремодельдеу және цитотрофобласты инвазиялау үдерісіне, цитокин, эндотелий әрекетсіздігінің маркерлерінің эндотелийлі факторларға әсер етуін преэклампсия деңгейінде дамуына жаңа болжамдар жасалды. Бірінші үш айлық кезден бастап қауіпті топтарда преэклампсияның дамуын болжаудың алғышарты ұсынылып, әзірледі.
Зерттеу бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 48 мақала жарық көрген, оның 16-сы шетелдік басылымдарда жарияланған және қорғалған құжаты саны – 1.


Жоба бойынша бойынша преэклампсияның дамуына болжам жасайтын және диагностика жасаудың 5 әдісі енгізілді. Зерттеу нәтижесі қазақстан Республикасында ана және перинаталдық аурулар мен өлім-жітімді азайтуға бағытталады. Тәжірибелік дәрігерлер үшін босануға рұқсат етілген мерзім мен тәсілді таңдаудың негізі болып табылатын перинаталды нәтижені болжау, гестоздың клиникалық жағдайға дейін бар болуын анықтауға мүмкіндік беретін, диагностикалық және болжамдық өлшемдер жасалды, жүктілік кезіндегі асқынуларды болжаудың тәсілдері ғылыми түрде негізделді.


«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар