Ғылыми жаңалықтар

Төменгі сортты көмірлерді жағу арқылы жылу мөлшерін арттыру тәсілі анықталды

14.05.2018

5243

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ профессоры, ф.-м.ғ.д. С.Ә.Бөлегенова Қазақстан Республикасының экологиялық ахуалына антропогендік әсерлерді төмендету мақсатында ЖЭС-терде от жағу камераларында энергетикалық отынды аралас үрлеу технологиясын қолдана отырып жандыру тәсілін ұсынды.
Зерттеу барысында энергетикалық қатты отынды жағу кезіндегі жылу масса алмасу үдерісі зерттелді. Жүргізілген есептегіш эксперименттер бойынша БКЗ-160 Алматы ЖЭС қазандығында екібастұздық көмірді жану камерасында ұзақ мерзімді беру арқылы жану кеңістігінің аэродинамикалық көрінісі алынды.
OverfireAir (араластыра үрлеу әдісі) технологиясына сараптама жасалып, жұмыс істеп жатқан ЖЭС-тердегі өнеркәсіптік қазандықтардағы жану камераларында жүріп жатқан қатты отындардың жану үдерісін жүзеге асыру тәсілдері сипатталады.
Жылулық масса тасымалдаудың негізгі сипаттамаларына әсер ететін қосымша ауа (OFA–технология) беру сипатын есептеуіш эксперименттер тексерді.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 73 мақала жарық көрген, оның 15-і шетелдік басылымдарда басылған.
Зерттеу нәтижесі «КарЭнерго-05» ЖШС (Қарағанды қ.), «Таразэнерго орталық» АҚ (тараз қ.), «Ресей БЭЖ» РАҚ Плазма-энергетикалық технологиялардың салалық орталығында (Ресей, Гусиноозерск қ.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да енгізілді.
Есептік эксперимент бойынша зерттеу қорытындысын қатты отынды пайдаланатын өнеркәсіптік қазандықтарда жану камераларын түзету және жобалау барысында пайдалануға болатындығы дәлелденді, төменгі сортты көмірлерді тиімді жағуды арттыру және қоршаған ортаға зиянды газтозаңдық қалдықтарды аз шығаруға тиімділігі анықталды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар