Ғылыми жаңалықтар

Бруцеллезді емдейтін препарат жасалды

03.05.2018

5395

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының профессоры, б.ғ.д. Ш.А.Барамова жануарларда кездесетін бруцеллезді емдейтін және алдын алатын құрамында ерекше ФАГ бар дәрі жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында ерекше фагтан бруцеллездің эпизоотологиялық культурасы бөлініп алынды, олардың бруцеллездің әртүрлі түрлеріне қатысы бойынша литикалық белсенділігінің спектрі анықталды. Вирулентті поливалентті бактерифагтің бактерияға қарсы күресі айқын білінеді. Дайындалған емдеу-алдын алу дәрісінің дозасы, қалдықсыз бөлінгіштігі және оны ауру жұқтырған қойға салудың сызбанұсқасы анықталды. Белсенділігі жоғары антифагті сарысуды диагностикалық зертхана тәжірибесінде қолдануға болады.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 11 мақала жарық көрген, оның 3-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған. Қорғалған құжат – 4, оның 2-еуі ҚР Патенті, 2-еуі ҚР Патентіне өтініш.
Зерттеу аясында ветеринарлық препараттың НТҚ (нормативті-техникалық құжаты) жасалды. Зерттеу нәтижесі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы «Әсем» шаруа қожалығы және Қарағанды облысы Шет ауданындағы «Ернұр» шаруа қожалықтарына енгізілді.
Препарат адамдар мен қоршаған ортаға қолжетімділігімен және құрамындағы заттардың қауіпсіздігімен ерекшеленеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар