Ғылыми жаңалықтар

Өнеркәсіптік кәсіпорын салаларын экологиялық басқару тәсілі ұсынылды

27.04.2018

4898

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Ж.К. Бахов химия өнеркәсібінде ресурс үнемдеу технологиясы және кәсіпорындардың экологиялық тиімділігін бағалау тәсілдерін ұсынды.
Жұмыс барысында ГТЖ-ның (газтранспорт жүйесі) техногенді ядросын ұсынатын «өндіріс» блогының инженерлі-экологиялық талдау (талдаудың блок-сызбанұсқасы) жұмысы орындалды. Фосфориттерді кешенді қайта өңдеуді жүзеге асыратын ГТЖ-ның техногенді қосалқы жүйесінің ұйымдық құрылымы (жүйелік үлгісі) ұсынылды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 10 мақала жарық көрген, оның 4-еуі шетелдік басылымдарда жарық көрген және қорғалған құжат саны (ҚР Патенті) – 2.
Зерттеу нәтижесі – Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ-да (ЖЭС 3) химиялық цехында катионитті сүзгіштің құрамында сульфаты бар ағындыны өңдеу тәсілі сынақтан өтті.
Инженерлік-экологиялық талдауды жасау және экологиялық оңтайландыру химиялық және өзге де өнеркәсіптік кәсіпорын салаларын экологиялық басқару құрылымын әзірлеуде ұсынылады.
Қабылданған ұйымдық-технологиялық шешімдерді экономикалық бағалау күтілетін экономикалық жиынтық тиімділіктің мөлшерін анықтауға (жылына 115 634 400 тг. құрайды) мүмкіндік береді. Оның 73 721 300 тг/жыл фосфор қалдығы, құрамында фторы бар токсинді қалдықтар мен қоқыстар, кальций фторидінің қойыртпағы, құрамында фторы бар ағынды судың қоршаған табиғи ортаға түспеуінің алдын алудағы техногенді жүктемені төмендетудің экология-экономикалық шығынын құрайды. Оңтайландырылған ГТЖ-ны басқару шаралары мен инженерлік-экологиялық кешенді ендіру бұрыннан бар өндірісті ұйымдастырумен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болады, бұны жұмыстың экологиялық-экономикалық нәтижелері де нақтылайды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар