Ғылыми жаңалықтар

Диабеттік табан ауруын емдейтін биоүлбір әзірленді

26.04.2018

4806

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ғалымдары м.ғ.к. С.Б. Ахметова мен м.ғ.д. К.Т. Шәкеев микроағзаларды өсіру арқылы биоүлбірлер жиынтығынан диабеттік остеоартропатияны емдеудің инновациялық тәсілін ұсынды.
Зерттеуге қант диабетіне шалдыққан инсулинге тәуелді 72 емделуші қатысты. Салыстырмалы топқа табанында диабеттік фоны жоқ инфекциялық жарақаты бар 30 емделуші бар.
Жоба барысында 2013-2015 жылдар аралығында 35 мақала жарық көрді, оның 18-і шетелдік басылымдарда жарияланған және ҚР Патенті – 1.
Бөлінген микроағзалардың уыттылығы (биоүлбірдің пайда болуы) диабеттік табан синдромы кезінде жарақаттың созылмалы инфекциясын алдын ала анықтаудың тәсілдері Қарағанды қаласындағы «№1 қалалық ауруханасының» хирургия бөлімінде емдік үдерістер кезінде пайдаланылып жатыр.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы - қалыптасқан емдеу әдісіне қосымша ультракүлгінді сәулелендіру және ультрадыбысты әсер ету немесе түймедақ эфир майымен ультрадыбысты өңдеудің бірлескен әрекеті диабеттік табанның іріңді-шірік асқынуы кезінде жарақаттың клиникалық көрінісін жақсартады, бұл дегеніміз асқыну кезінде қолдануға болады дегенді білдіреді. Денсаулық сақтау саласының тәжірибелік мамандары зерттеу нәтижелерін диабеттік табан синдромы бар қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу кезінде пайдалана алады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар