Ғылыми жаңалықтар

Мелассадан қант алудың жаңа технологиясы жасалды

23.04.2018

4617

Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің Қазақ ғылыми-зерттеу институтының доценті, б.ғ.к. Х.Р.Айсакулова Келес кен орнында түрлендірілген бентонит сазы меласса ерітіндісін электрохимиялық және мембрандық технологияны қолдану арқылы қансыздандыруды электролиздеу технологиясын әзірледі деп хабарлайды "ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Сонымен қатар кристаларалық ерітіндіден сахарозаны бөліп алу жұмыстары жасалды. Қызылша мен құрақ қанты мелассасынан қант алу өндірісінің технологиялық нұсқаулығы әзірленді. «Мелассадан қант алуды» ұйымдастырудың жобалық стандарты дайындалды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 10 мақала жарияланды, оның 1-еуі шетелдік басылымда жарық көрді.
Зерттеу нәтижесі бойынша «Ходжант» қант зауытында қызылша мен құрақ қанты мелассасынан қант алудың технологиясы өндірістік сынақтан өтті.
Ұсынылған технология бойынша мелассаны қайта өңдеу кезінде алынған қант мөлшеріне қосымша 30-35% сахароза алуға болады, тазартылған мелассадан қанттан бөлек этиль және бөтелкедегі спиртті, сүт және лимон қышқылы, глицерин алуға болады. Қант зауытының өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға болады және қоршаған ортаға залалы аз болмақ.
Жаңа технологияны өндіріске енгізу арқылы біз дәстүрлі техникаларды сақтай отырып қант өнеркәсібінің тиімділігін арттырамыз, жұмыс істеп тұрған зауыттардан қосымша 2250 тонна таза сахароза аламыз, қант өндірісін қосымша өсімдік шикізаттарынсыз және шығынсыз 15%-ға көбейтеміз, елімізді қосымша сапасы жоғары стратегиялық өнімдермен қамтамасыз етеміз, осылайша сырттан келетін шикізатқа деген тәуелділікті жоямыз және қан зауыттарында қосымша жұмыс орындары ашылады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар