Ғылыми жаңалықтар

Трихинеллезды алдын ала анықтайтын иммуноферментті тест-жүйе жасалды

19.04.2018

4653

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы, Ө. С. Әкібеков трихинеллезды серологиялық алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін иммуноферментті тест-жүйесін әзірледі деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Трихинеллездың дернәсілінен соматикалық антиген алынды, сыртқа бөлінетін секрециялық антиген үшін трихинеллды өсірудің көрсеткіштері анықталды. Поликлоналды антиденелердің препараттары алынды және оның иммунохимиялық, иммунобиологиялық қасиеттері зерттелді.
Жануарларда кездесетін трихонеллезді серологиялық алдын ала анықтауға арналған ИФС нұсқасының «сэндвич» сызбанұсқасының қойылуы жасалды.
«ИФС тәсілі арқылы жануарлардағы трихонеллезді серологиялық алдын алуды жинақтаудың» өндірістегі зертханалық тәртібі енгізілді.
Жоба бойынша 5 мақала жарық көрді, оның 3-еуі, соның ішінде 1-еуі Scopus мәліметтер базасына енген нөлдік импакт-факторы бар басылым және қорғалған құжат саны (ҚР Патентіне өтініш) – 1.
Аталмыш диагностикалық препарат Университеттің зертханалық жағдайында мақұлданды.
Тест-жүйені кеңінен қолдану осы инвазия бойынша диагностикалық құралдардың диапазонын әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік береді және эпидемиологиялық, эпизоотикалық жағдайды жақсартады. Жасалған тест-жүйенің ерекшелігі мен жоғары сезімталдығы диагностикалық іс-шаралардың сапасын жоғарылатады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар