Ғылыми жаңалықтар

Жасушалық сұрыптау әдісімен тұз бен құрғақшылыққа төзімді картоптың жаңа линиясы алынды

18.04.2018

4381

М.Ә.Айтқожин атындағы Молекулалық биология және биотехнология институты ғалымы, б.ғ.к. Н.П. Малахова құрғақшылық мен тұзға төзімді картоп линияларын жасушалық сұрыптау тәсілімен алды және төзімділікті қалыптастырудың антиоксиданттық жүйесі мен биохимиялық механизмдерін анықтады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында тұз бен құрғақшылыққа төзімді болашағы зор 10 жаңа картоп сорты «Ақсор» мен «Орбита» алынды. Тұз бен құрғақшылыққа төзімді барлық кезеңдегі сұрыпталған жасушалар өсіріндісінің антиоксидантты жағдайына кешенді зерттеулер жасалды.
Жоба бойынша 5 мақал жарияланған, оның 4-еуі шетелдік басылымдарда жарық көрген.
Жаңа линия тұз бен құрғақшылыққа төзімділігі экологиялық сынақтан өткізілді және аталмыш технологияны фермерлік шаруашылықтарға енгізу және астық өнімділігін бағалау ұсынылды.
Зерттеу нәтижесі Қазақстанның ауыл шаруашылығы сұранысын қанағаттандыру үшін отандық өнімділігі жоғары тұз бен құрғақшылыққа төзімді картопты сұрыптауды жылдамдатудың инновациялық технологиясының ғылыми негізі бола алады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар