Ғылыми жаңалықтар

Уран кен орындарында геологиялық жыныстарды анықтау тәсілі жасалды

17.04.2018

4584

үлгілерді Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғалымы, т.ғ.д. Р.И. Мұхамедиев сүзбеленген уран кен орындары қабаттарында геологиялық жыныстарды анықтау мақсатында ақпараттық және алғышарттық үлгілерін жасады. Зерттеу барысында каротаждың әр түрлі электрлі тәсілдерімен уран өндіру бойынша ұңғымалардың геофизикалық деректерін зерттеуді бастады. Машиналық үйретудің (МҮ) бір немесе бірнеше тәсілдерін таңдау, аталмыш каротаж деректерін анықтау үшін машиналық үйретудің алғышарттарының бірнеше тәсілдерін қолдануды әзірлеу – жобаның басты мақсаты. Сүзбеленген-жер қабатты уран кен орындарындағы ұңғымалардағы геофизикалық деректерге түсінік беруде машиналық үйретудің алғышарттары мен тәсілдері дәлелденді, алдын ала деректерді өңдеу әдісі әзірленді және мақұлданды, машиналық үйрету алғышарттары таңдалды, әзірлеу аталмыш каротаж деректерін автоматты түсіндіру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жасалды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 32 мақала жарық көрді, оның 26-сы шетелдік басылымдарда (8-і халықаралық Scopus,Tomson деректер қорына енеді) жарияланды және қорғалған құжат (авторлық куәлік) саны – 1.
Қазіргі уақытта әзірленген бағдарламалық құрал мақұлданды.
Зерттеу нәтижесі Қазақстан Республикасының кен қазу өнеркәсібінде пайдаланға мүмкіндік береді. Көрсетілген тәсілдер арқылы пайдалы қазбаларды өндіру шығындарды азайтады. ҚР кен орындарындағы ұңғымаларды литологиялық бөлшектеудің заманауи және автоматты әдісін пайдалану – экономикалық шығындарды жылына 1-2 млн. доллар шамасында қысқартады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар