Ғылыми жаңалықтар

Түтінсіз сұйық полифит дәрісімен ет өнімдерін ыстаудың жаңа технологиясы жасалды

10.04.2018

5190

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. А.У. Шунгисов ет өнімдерін өндіруге арналған колифит компоненттерімен байытылған сұйық ыстайтын жаңа дәрі жасап шығарды. Зерттеу барысында ыстайтын сұйық дәріні енгізу мөлшері мен полифит компоненттерімен байытылған ет өнімдерін сұйық түтінмен өңдеу ұзақтығының физика-химиялық және соңғы өнімнің органолептикалық көрсеткіштерінің әсері анықталды.
Ет өнімдерін ыстауға арналған түтінсіз сұйық полифит дәріні қолданудың жаңа технологиясының нормативті құжаттары әзірленді.
2015 жылы жоба бойынша 7 мақала жарық көрді, оның 3-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған және қорғалған құжаты саны (ҚР Патенті) – 3.
Әзірленген технология бойынша сұйық дәрінің тәжірибелік-өнеркәсіптік партиясы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өндірісіне шығарылды. Азық-түлік дәмін мұқият бақылаудың кеңейтілген 5 хаттамасы, тәжірибелік-өнеркәсіптік партияның өндірісте жасаудың 3 акты ұсынылды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар