Ғылыми жаңалықтар

«Педагогикалық STEM-парк» цифрлы технологияларды дамытады

05.04.2018

4604

Жакында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында «Педагогикалық STEM-парк» Қазақстан-Ресей халықаралық семинары өтті.
STEM – бұл Science, Technology, Engineering, Math бағыттарының басқы әріптерінің құрылымы, ал «Педагогикалық STEM-парк» – білім беру, ғылым және бизнес жүйесіндегі әріптестіктің жаңа форматы.
Халықаралық семинардың мақсаты – STEM-парк технологияларын педагогикалық университеттің білім беру үдерісімен сабақтастыру және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін децифрлық робототехника және мехатроника STEM-паркін құру мәселелерін талқылауға арналды.
Семинар жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі профессор Есен Бидайбеков, профессор Бахытжан Ахметов, РББА корреспондент-мүшесі, МҚПУ профессоры Сергей Григорьев, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ аймақтық дамыту директоры Владимир Федотов, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ ҚР өкілдігінің жетекшісі Мүслім Қасымжанов, «Брейн Девелопмент» ЖШҚ бас директоры Леонид Cказочкинжәне елімізде ЖОО өкілдері қатысты.
Семинар барысында ректор Такир Балықбаев ағымдағы жылдың 21-23 ақпаны аралығында өткен алғашқы «Цифрлық университет» халықаралық Қазақстан-Ресей семинарының сәтті өткендігін, семинардың нәтижелері бойынша цифрлық педагогикалық университетінің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, білім берудегі цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға педагогтарды даярлау жолдарының айқындалғанын атап өтті.
Сонымен қатар «Педагогикалық STEM-парк» халықаралық семинары педагогикалық жоғары оқу орнына STEM-оқытуды енгізу тәсілдерін, сондай-ақ, «Информатика және робототехника» қосымша білім бағдарламасының негізінде бакалаврлар мен магистранттарды даярлауды және барлық жаратылыстану-ғылыми мамандықтарына «Робототехника» элективті курсын, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға «Білім берудегі цифрлы технологиялар» элективті курсын енгізіп, университетіміздің базасында STEM-парк құрудың барысын талқылауға бағытталғандығын айтып өтті.
Халықаралық семинар жұмысында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми-зертханасының қызметкері Сергей Григорьев, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ аймақтықдамыту директоры Владимир Федотов сынды мамандар баяндама жасады.
«Педагогикалық STEM-парк» семинарының аясында әртүрлі жастағы балаларға «Роботрек» конструкторлар жиынтығын пайдалану және оларды оқу үдерісінде қолдануға арналған «Роботрек» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Римма ЖАНБАЕВА

«« | »»
Соңғы жаңалықтар