Ғылыми жаңалықтар

Туа пайда болатын вирусты жұқпалы гепатитті ерте анықтау әдісі табылды

29.03.2018

4941

Туа пайда болған гепатит микст-инфекция қауымдастық әлдеқайда қатерлі бола бастағандығы анықталды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ғалымы, м.ғ.к. М.А. Мамырбаева туа пайда болған жұқпалы гепатитті ерте анықтаудың әдістемелік тәсілін әзірледі. Зерттеу барысында этиологиялық ықпалдарға байланысты нәрестелік гепатиттің клиника-зертханалық ерекшеліктері анықталды және перинаталдық қатердің дамуының ықпалдары белгіленді. Жаңа туылған нәрестелердегі жатыр іші инфекциясының өсуі қатерінің алғышарты ұсынылды. Нәрестелер мен 1 жасқа толған сары ауру белгілері бар балаларға медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін дәрігерлердің әдісінің алғышарты әзірленді.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 20 мақала жарық көрген, оның 9-ы шетелдк басылымдарда жарияланған. Зерттеу нәтижесі Атырау жұқпалы аурулар ауруханасында, Ақтөбе қаласы облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында, Орал қаласы облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында, Орал қаласы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, Ақтөбе қаласы облыстық балалар клиникалық ауруханасында тәжірибеге енгізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша туа пайда болатын немесе нәресте кезде болатын вирустық жұқпалы гепатитті емдеу-сауықтыру өлшемінің тиімділігі жоғары, ауру көрсеткіштері төмендеді, нәрестелер өлімін азайтады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар