Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
«Оқытушыларға лайықты жалақы төлеп, олардың қалыпты жұмыс атқаруы үшін жағдай жасау – жоғары білім сапасын арттыру үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жоғары оқу орындарындағы педагогикалық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға қатысты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде 2019 жылғы қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы 20%-ға, кейін 2020 жылғы қыркүйек айында тағы 20%-ға ұлғайтылды. Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан жалақы көлемін әлі де арттыру қажет. Сондықтан мен штаттағы оқытушыларға кемінде 200 мың теңге мөлшерінде минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрыққа қол қойдым».
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі
Республикалық биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты QazCOVID-in клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтіп жатқанын хабарлады. Оны маусым айында толығымен аяқтау жоспарланып отыр.