КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
11.11.2016  Елімізде жас ғалым үй салатын 3D принтерді құрастыруға кірісті

Қазіргі таңда 3D принтерлер көптеген салаға дендеп енуде. Дамыған елдерде тұтас бір үйді заматта салып шығатын 3D принтерлер пайда болғанын ақпарат құралдарынан естіп, оқып жүрміз. Таяу болашақта Қазақстанда да 3D принтерлердің көмегімен үй салатын болады. Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымы Шыңғыс Дауылбаевтың ғылыми ізденісі негіз болып тұр. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Жас ғалым үй салатын 3D принтер құрастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруына өзінің тың жобасын ұсынып, 220 млн. теңге ұтып алыпты. Енді бір-екі жылдың көлемінде үй салатын алып 3D принтерді көріп қаламыз.
– Қазіргі таңда 3D принтер технологиясы қарқынды даму үстінде. Іргеміздегі Қытайда үй салуға бағытталған 3D принтерлер пайда болғанын естіген шығарсыздар. Оны өз көзіммен көру үшін Шанхайға барып, жұмысымен таныстым. Жалпы, ғылыми-технологиялық үрдіс дамыған қазіргі заманда 3D принтрлер көптеп жасалынуда. Құрылыс саласында 3D принтер жасауда басты мәселе пайдаланылатын бетонды дайындау болып табылады. Әдетте үй құрылысына қажетті 3D принтерге бетон пайдаланатыны белгілі. Бірақ оған қарапайым бетон жарамайды. Егер 3D принтермен үй салуды мақсат тұтсаңыз, 10-15 минуттың ішінде қататын бетон қажет. Қытайдың 3D принтерлерін тамашалағанда, оны құрастырушылар бетонның құрамы жайында сыр шашапады. Құпия күйінде ұстады. Осыдан кейін біздер бетонды зерттеп, оның жетілдіру барысында көп еңбектендік. Ізденістің арқасында біздер полимер түткікшелерді ойлап тауып, оны бетонға қосып, 3D принтердің жұмыс істеуіне ыңғайлы бетон алдық, – дейді Шыңғыс Дауылбаев.

Жануа мәселелері инстиуты ғалымдары жасап шығарған шағын 3D принетр

Қазақстанда жастар ғылыммен айналыспайды деген қасаң қағиданы бұзған Шыңғыстай жастар елімізде баршылық. Бірақ олар өзінің жарнамасын жасамай-ақ, өздерінің жұмыстарымен айналысуда.
Енді үй салатын 3D принтер жайында айта түссек. Шыңғыс болашақ 3D принтердің аумағы 6-6 метрді құрайтынын айтты. Мұндай алып принтер елімізде бұрын-соңды болмағаны анық. Ол біздерге болашақ принтердің шағын үлгісін де көрсетті. Қажетті бағдарламалар орнатылған шағын 3D принтермен түрлі мүсіндер басып шығаруға болады екен.
Енді қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан полимер түтікшелердің сырына тоқталсақ. Өз кезегінде жас ғалымның ұстазы Ерхан Әлиев 2013 жылы полимерден түтікше алу жобасы жайында Лондонда өткен ғылыми конфренцияда таныстырып, баяндама жасағанда әлем ғалымдар, ғажайып ноу-хау, маңызды инновоциялық жоба деп жоғары бағалапты.
Әдетте үй салғанда құрылысшылар темір арматураларды қолданып іргетас пен қабырғаның беріктігін қамтамасыз етелетіні белгілі. Бұл баяғыдан келе жатқан технология. Арматураны көлденеңінен және тігінен салып, қабырғанын беріктігін қамтамасыз етуге болады.
Ал өте берік, адам шашынан 20 есе жіңішке полимер түтікшелерді бетонға араластырғанда ол айқыш-ұйқыш бағытта орналасып, іргетас пен үй қабырғасының беріктігін түрлі бағатты қамтамасыз ететін мүмкіндікке ие екен. Бұл өз кезегінде 3D принетрлермен үй салуға кеңінен жол ашып отыр.
Әңгіме барысында Шыңғыстан өздері ойлап тапқан полимер түтікшенің өзгешелігін айтып беруін өтіндік:
– Біздің полимер түтікше таза қазақстандық өнім деп айтуға болады. Иә, осыған ұқсас полимер түтікшелерді өзге елдердің ғалымдары да ойлап тапқан. Бірақ олардың өнімдерінің бағасы өте қымбат. Біз осыған дейін күніне 10 грамм ғана полимер түтікше алушы едік. Қазіргі таңда құрылғымызды жетілдіріп, күніне 1 келіге дейін полимер түтікше алатын деңгейге жетуге күш салудамыз. Бір тонна бетонға 1 келі полимер түтікше қоссаңыз, бетоның беріктік қабілеті бернеше есеге артып шыға келеді. Біздің полимер түтікшелеріміз баға тұрғысынан да бәсекеге қабілетті, – деп түсіндіріп берді.

Полимерлі түтікше алатын қондырғы

Қазір әлем ғалымдары Шыңғыстың жұмысына аса қызығушылық тантуда. Ол алдағы уақытта полимер түтікшені алу ісіне байланысты Малазияға барып, баяндама жасауға дайындалып жатқанын алға тартты. Болашақта Шыңғыстың 3D принетрлер пайда болса, елімізде үй салу ісі айтарлықтай арзандап, талай жан аз уақытта баспаналы болатыны сөзсіз. Сондықтан тыңға түрен салып, күні-түні еңбектеніп жүрген жас ғалымға табыс тілейміз.


Нұрлан ЖҰМАХАН, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

3254
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019