Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар динозаврларды жойған метеориттің өзегін тұңғыш рет ашып көрмек

06.04.2016

4990

Британиялық және америкалық ғалымдар тобы 66 млн. жыл бұрын Жерге құлаған Чиксулуб метеоритінің кратеріне аттанды, деп жазады Би-би-си.

Алдымен ғалымдар кратердің қабырғаларын зерттейді. Оның ауқымды бөлігі су астында 600 метр тереңдікте жатыр. Осылайша ғалымдар Жерге метеориттің соқтығысуының кей сипаттарын анықтайды.

Сонымен қатар метеорит құлаған соң қандай үдерістер болғанын анықтау үшін кратер қабырғаларының химиялық құрамы да зерттеледі.

Ғалымдар кратер өзегіне дейін ұзындығы 1,5 км болатын тоннель қазып, түрлі тереңдіктегі топырақ сынамаларын зерттейді.

65 млн жыл бұрын Жерге Чиксулуб метеориті құлап, қысқа уақыт ішінде Жердегі тіршіліктің 70%-ы, соның ішінде динозаврлар да жойылып кеткен болатын.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар