Ғылыми жаңалықтар

Халықтың мәслихат сайлауына қызығушылығы жоғары. Неге?

21.03.2016

5222

Қазақстандық сарапшылар мен саясаттанушылар бұл жолғы партиялық тізімнің қалай түзілетінін және де Мәжілісте қай партияның мүшелері басым болатынын, сонымен бірге мәслихат сайлауының қалай өтетінін болжады.


Бұл тарапта біз бірінші кезекте осы уақытқа дейін Қазақстан парламентінің хронологиялық тарихын түзіп шығуды жөн көрдік.


- Парламенттің алғашқы шақырылымында жалғыз партия болған еді. Бұдан кейінгі шақырылымда төрт бірдей партияға орын табылса, үшіншісінде үш партиясы мен «Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партиясы» блогына орын берілді. Төртінші шаырылымда – бір партия, ал бесінші шақырылымда, Парламенттен – үш партия орын табылды. Сонда, хронологиялық тәртіппен: 1,4,4,1,3… болады екен.


Ендеше келесі шақырылымның қалай болатынын және Парламенттен қанша партияға орын берілетінін сіздерден, яғни «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубының шарасына қатысып отырған сарапшылардан білгіміз келеді, – деді бұл тарапта саясаттанушы Олек Сидоров.


Пікір-сайыс клубының бұл жолғы отырысы Қазақстандағы кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауына арналды. «Уақыттың аздығына қарамай, кезектен тыс сайлауға дайындық жоғары деңгейде өтті», – деді бұл тарапта саясаттанушы Эдуард Полетаев.


- Мемлекеттік органдар, оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы жедел түрде жұмыс істейді. Негізгі партиялар бірден іске кірісіп, бұған дейін қалқада қалып келген партиялар да ұйқыдан оянды. Барлық партиялардың ресми сайты және сайлауалды бағдарламасы пайда болды, – деді ол.


Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Юрий Бұлықтаевтың пікірінше, бұл жолғы Мәжіліс сайлауына үш партия өтеді. Атап айтқанда, бұлар «Нұр Отан», Халықтық коммунистер партиясы мен «Ақжол.


- Мұндай болжамға қандай да бір негіз бар ма? Бұл үшін бұған дейінгі сайлау науқандарын сараптап шығу керек. Алдымен «Бірлік» және «Ауыл» партияларынан бастайық. Бұлар тек жаңа жылдан кейін ғана «тірілді», өздерінің бар екендіктерін «хабарлады». «Ауыл» менің білуімше былтырғы жылдың аяғында қайта тіркеуден өтті. Ал «Бірлік» партиясының бағыты да, өзі де түсініксіз ұйым. Былайша айтқанда, бет алар бағытын айқындамаға құрылым. Шынын айтқанда, ЖСДП да алыс кеткен жоқ. Бұларға 7 пайыздық межеге жету өте ауыр болады.


Ал «АқЖол» мен «коммунистерді» Парламентте жинақтаған тәжірибесі бар. Барлық аймақтарда филиалдары жұмыс істейді. «Коммунистер» сонымен қатар президенттік сайлауға қатысқан. Алдымен партия қатарынан Тұрғын Сыздықов таласқа түссе, кейін Жамбыл Ахметбеков бағын сынады. Сондықтан да бұл жолғы Парламент құрамына «Нұр Отан», «Ақжол» және Коммунистер партиясы өтеді деп ойлаймын. Меніңше, бұл жолы аталған партиялардың депутаттық саны өзгереді. Айталық, ҚХКП парламенттегі депутаттан саны бір-екі орынға өседі деп топшылаймын, – Бұлықтаев.


Жалпы пікірсайысқа қатысқан азаматтардың ойы Бұлықтаевтың пікіріне жақын болды. «Алайда өзге партияларды да санаттан шығаруға болмайды» дейді сарапшылар.


- Шынымен де, үш партиялық формат болады. Меніңше, парламентке «Ауыл» партиясы өтеді. Әйтпесе, оның құрамын «патриоттармен» толықтырмас еді («Ауыл» партиясы «социал-демократиялық «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан патриоттары» партиясының негізінде құрылған болатын). Оның үстіне «Ауыл» партиясына ауыл халқының даусын жинау жеңіл болады, – дейді бұл ретте саясаттанушы Андрей Чеботарев.


Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың жанында Юнеско орталығының директоры Ләйла Ахметованың пікірінше, парламентке төрт партия өтеді.


- Парламент үш партиялы болады дегенге сенбеймін. Барлығы төрт партия өтуі тиіс. Меніңше, төртінші партияға «Нұр Отан» орын беруі тиіс. Парламентте барлығына орын жетеді. Ал бұл үшін еліміздегі жетекші партия сәл болса да кеңістікті босатуы тиіс. Жалпы сайлаудан сайлауға дейін өзгерістер орын алып жатыр. Бұл қажетті тенденция.


Оның пікірінше, депутаттыққа түскен кандидаттардың арасында азаматтық қоғамның өкілдері мен әйелдердің үлесі өсіп келеді. Сонымен бірге осы жолғы партия үміткерлерінің тізімінде мүгедек азамат та бар.


- Сіздің пікіріңізді қолдаймын. Парламентке төрт партия өтуі мүмкін. Меніңше, төртіншісі «Ауыл» партиясы. Аталған партияның артында қандай элита тұрғанын есепке алу керек. «Ауыл» партиясын басқаратын Әли Бектаевтың бірнеше жоғары білімі бар, сонымен бірге қазақ тілін де жақсы біледі. Бұл қазақтілді аудитория үшін өте жақсы көрсеткіш. Жалпы партиялық тізім туралы айтсақ, «Нұр Отан» мен ЖСДП құрамы сапалы. Мұнда әйелдер де, азаматтық қоғамның өкілдері мен өнер адамдары және спортшылар бар. Назарға алар тұс ЖСДП –ның «Нұр Отан» сықылды ауқымды қаржысы мен әкімшілік ресурсы жоқ. Меніңше, бұл партия парламентке өтпейді. Бірақ, кім біледі... – деді осы орайда саясаттанушы Айгүл Омарова.


Айгүл Омаровның пікірінен кейін, жиынның негізгі ауаны біртіндеп «Сайлауға үш немесе төрт партия өтуі мүмкін» деген тақырыпқа ойыса бастады. Ал негізі айқас төменгі сатыдағы Мәслихат сайлауы мен қоғамдық кеңестерде өтеді. Бұл ретте өзі де Алматы қалалық қоғамдық кеңесіне сайлауға түскелі отырған Шекаралық серіктестік қауымдастығының өкілі Марат Шибұтов мынадай пікір білдірді:


- Меніңше, дауыс берушілердің саны төмен болса парламентке үш партия өтеді. Бұл дегеніміз халықтың қазіргі партиялардан көңілі қалғанын білдіреді. Сондықтан да негізгі назар Мәслихат сайлауына ауады. Себебі, бұл жолы бір орынға үш адамнан таласуда. Халық та өз кезегінде мәслихаттағы сайлаудың адал өтеріне сенімді әрі өзі дауыс бергісі келетін үміткері үмітін ақтарына күмәнданбайды. Ал Мәжілістің абыройы баяғыдан-ақ ақсап тұр. Депутаттардың көптеген мәлімдемелі дау тудырды.


Өз басым қазір Алматы қалалық қоғамдық кеңесіне өту үшін бағымды сынап көрмекпін. Бәсекелестік жоғары болады. Қоғамдық кеңеске өткісі келетін адамдарда еркіндік бар. Көп нәрсені ашық айта алады. Ал мәжілісмендер мен мәслихатшыларда мұндай жоқ, – дейді Шибұтов.


Бұл тарапта пікір білдірген Юрий Бұлықтаевтың пікірінше, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес осы жолы және алдағы уақытта мәслихатшылар мен қоғамдық кеңес өкілдеріне үлкен қолдау көрсетіліп, олардың қызмет аяғы кеңиді.
- Мәслихатшылардың арасында «нұротандықтар» көп. Бірақ, осы жолғы сайлауда мәслихаттарға азаматтық қоғамның өкілдері көптеп өтеді деп ойлаймын. Әрине, партияларға да орын беріледі. Жалпы әзіргі күні мәслихатшыларға көп көңіл бөлініп отыр. Бұл оң құбылыс. Алайда мәслихат қатарына қоғамдық өкілдерді көптеп өткізу керек. Соның оның жұмысында орнықтылық болады. Ресмиліктен арылады, - деді ол.


Ал жиынды түйіндеген Эдуард Полетаевтың айтуынша бұл жолы қоғамның Мәслихат сайлауына қызығушылығының жоғары болуы, оның парламент сайлауымен қатар өткізілуінде.


- Айталық, егер оларды екі бөлек өткізсек, мәслихат сайлауына қызығушылық бүгінгі деңгейде болмас еді. Бірақ, бұл да оң бастама. Халық осының арқасында Мәслихатқа кімдердің өткенін біле алады. Бұл бір жағынан көпшіліктің саяси мәдениетін де өсереді, – деді ол.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар