Ғылыми жаңалықтар

Ядролық физика институты ғалымдары ауыспалы металдарға нитридті негізде жабын жасау технологиясын ойлап тапты

14.12.2016

4370

ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының ғалымдары ауыспалы металдарға нитридті негізде жабын жасау технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты С.Б. Кислицин жетекшілік жасағын ғылыми-зерттеу жұмысы барысында ізденушілер жаңа класты радиациялық-термииялық әрекеттесуге шыдамды ауыспалы металға қолданылатын нитридті негіздегі жабын жасаудың технологиясын ойлап тапқан. Жаңа жабын металдың коррозиия мен жылу сақтаудағы қасиетін арттырады. Ең бастысы Ядролық физика институтының ғалымдары дайындаған жабын темір құрылығының жоғары радиация кезінде бүлінуіне жол бермейді.
Ғалымдар металь құрамының табиғи деградациядан сақтау үшін оны ион сәулесімен және инертті газбен өңдеген. Ал радиацияға төзімділігін арттыруды синтезделген жабын қамтамасыз етеді. Осылайша жаңа жабын кез келген метал құрылғыны ұзақ жыл пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар