Ғылыми жаңалықтар

Отандық астрофизиктер Күндегі үрдістердің Жерге әсерін зерттеуде

14.12.2016

4054

Ф.Г.Фесенков атындағы Астрофизика инстиутының ғалымдары Күнде белсенді үрдістердің Жер шарындағы климаттың өзгеруіне қалай әсер ететінін зерттеп жатыр, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми зерттеу жұмысына физика-математика ғылымдарының докторы, зертхана меңгерушісі В.Г. Тейфель жетекшілік жасауда.
Өз кезегінде ғалымдар 1997-2012 жылдар аралығында ғарыш аппараттары қабылдаған Күннің энергиялық бөлшектерін жан-жақты сараптап, оның Жерге қалай әсер ететінін зерттеуде. Жеті аралық жарылыстар кезінде Жерге жететін бөлшектердің құрамында темір ионы мен оттегі кездесетінін зерттеушілер анықтаған.
Сонымен қатар Күннің бетінде орын алатын осындай жарылыстар Күн жүйесіндегі ең ірі паланета саналатын Юпитер мен Сатурнда да қайталанатыны байқалған. Осыдай жарылыстар жиі орын алған кезде Жерге әсер ететін энергия айтарлықтай артады екен. Осы ретте институт ғалымдары 2000-2015 жылдар аралығында Юпитер мен Сатурнда орын алған жарылыстардың фотосуреттерінің банкін жинақтап, Жерге жететін энергия бөлшектерінің аралық есебін есептеп шыққан. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар