Ғылыми жаңалықтар

Шақырылған шетелдік профессор Тұрдыбек Бекжан ЕҰУ негізінде математиканың коммутативті емес және функционалдық анализ саласында жүргізіп жатқан ғылыми жобаларымен бөлісті

25.02.2016

6443

Механика-математика факультеті, іргелі математика кафедрасына Синьцзян университетінен (Қытай) шақырылған шетелдік профессор Тұрдыбек Бекжан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде математиканың коммутативті емес және функционалдық анализ саласында жүргізіп жатқан ғылыми жобаларымен бөлісті.

Профессордың айтуынша, бұл анализдердің негізгі қолданылатын саласы – квант механикасы мен квант статикасы. Сондықтан бұл қазіргі заман математикасы болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда математика саласы кеңінен дамып жатса да, соның ішінде коммунитативті емес анализдерді зерттеуге көп көңіл бөлінбейді. Осы ретте 2013 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұрдыбек Бекжанның бастауымен бір топ ғалымдар осы сала бойынша мектеп қалыптастыру бағытында жұмыс жасап жатыр.

«Негізгі мақсатымыз мектеп ашу болғандықтан, біз осы салада магистрант және докторанттарды тәрбиелуден бастап жатырмыз. Бүгінгі күні 4 магистрантымыз және 1 докторантымыз бар. Сонымен қатар ілгері математика кафедрасының оқытушыларымен де бірігіп жұмыс жасаудамыз», - дейді профессор.

Сондай-ақ, шетелдік профессор 2014-2015 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен «Коммунитативті емес Харди кеңістіктері» атты жоба бойынша грант ұтып алып, университетіміздің ғалымдары жоғары нәтиже көрсеткенін тілге тиек етті.

Бүгінгі күні аталмыш саланы дамыту жолында Франция, АҚШ және Қытай сияқты дамыған елдерінің ғалымдарымен байланыс орнатылып, бірлескен жобалар іске асырылуда. Мұынмен қоса, университет оқытушылары мен ғалымдарының бірқатар мақалалары жоғары деңгейлі халықаралық ғылыми журналдарда жарияланды.

«Енді осылай бірнеше жыл құлшынатын болсақ, жалпы осы Еуразия ұлттық университетінің ілгері математикасында коммутативті емес анализдің мектебі қалыптасады деп ойлаймын», - деп өз сөзін түйіндеді.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар