Әлемдегі ғылым

Химиктер бас қосты

19.10.2021

2175

Сочиде жыл сайын ұйымдастырылатын «Марковников оқулары: Марковниковтан бүгінге дейінгі органикалық химия» деп аталатын ғылыми конференция болып өтті. Оған 160 жас ғалым қатысты. Олардың ішінде қазақстандық жастар да бар.

Конференцияда органикалық химия саласындағы өзекті іргелі ғылыми мәселелер талқыланды. Шетелдік және ресейлік жетекші ғалымдар (Игорь Алабугин, Владимир Геворгян, Андрей Малков, Валентин Ненайденко, Валерий Фокин) баяндама оқыды.
Бұдан бөлек дәл осы химия саласы бойынша Бүкіл Ресейлік «Гидроциклді қосылыстар химиясы – 2021» Конгресс ғалымдардың басын қосты.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Васильвич Марковников – орыс химигі, Александр Михайлович Бутлеровтың шәкірті. Бутелеровтың органикалық химиядағы бағытын одан әрі дамытып, Марковников өзінің мектебін құрды.
1880 жылдың бас кезінде Марковников Кавказ мұнайын зерттеп, оның құрамынан көмірсутектердің жаңа тобын ашып, оларды нафтендер деп атаған. Нафтендердің катализатор әсерінен ароматты көмірсутектерге айналатынын ашты. Нафтендердің көптеген түрін синтездеп, олардың жоғарғы температурада меншікті салмағының өзгеретінін анықтады.
И.А.Каблуков, Н.Я.Демьянов т.б. көптеген көрнекті ғалымдар – Марковниковтың шәкірттері. Ресейдің химиялық өнеркәсібінің дамуына көптеген үлес қосқан. Орыс химиялық қоғамының ұйымдастырушыларының бірі.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар