Әлемдегі ғылым

Ғарышта чили бұрышы гүлдеді

07.09.2021

144

Ғарыш әлемінен біраз жаңалықтарды ақтарғанымызда қызықты оқиғаны көзіміз шалып қалды. Америкалық астронавт Меган МакАртур Twitter-де Халықаралық ғарыш станциясы бортында чили бұрышы өсімдігінің гүлдегенін жазады.
Оның жазбасында: «Ғарыш чилиі туралы жаңалық: ол гүл жарды! Бір жетіден кейін түйін тастайды», – деп, суретін жіберген.
Халықаралық ғарыш станциясының америкалық оражереясындағы бұл бұрыш шілде айында отырғызылған екен. Мамандар ғарышкерлердің тағамының құрамында ащы дәмдеуіштердің көп кездесетінін айтады. Күнде пайдалану ғарышкердің денсаулығы үшін зиян делінген. Ғарыш кеңістігінде адам баласының аузынан дәм кетіп, иіс сезу қабілеті де төмендейді екен. Сондықтан, тағамның дәмін кіргізу үшін ащы-тұщы дәмдеуіштер көп қолданылады.

Дереккөзі: https://iz.ru/1216858/2021-09-03/na-mks-zatcvel-pervyi-vyrashchennyi-v-kosmose-peretc

«« | »»
Соңғы жаңалықтар