Әлемдегі ғылым

Коронавирусты 30 минутта анықтауға болады

05.09.2021

2414

Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін «оқуды» ұсынады.

COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небәрі 10 минут ішінде анықтай алады.

Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.

https://www.inform.kz/kz/reseylik-galymdar-30-minutta-koronavirustyn-bar-zhogyn-anyktaytyn-kurylgy-oylap-tapty_a3833208

«« | »»
Соңғы жаңалықтар