Әлемдегі ғылым

Коронавирус балалар үшін қауіпті

16.08.2021

2384


Пенсильвания штатының университеті мен Осло университетінің ғалымдары зерттеу жүргізе отырып, ендігі кезекте көбінесе балалар коронавируспен ауыра бастайды деген қорытындыға келді. Бұл туралы Hessische Niedersächsische Allgemeine басылымы жазады.

Мамандар COVID-19 өзгергіштігінің болу мүмкіндігін көрсететін есептеулер жүргізді. Олар вакцинацияланған адамдардың санына қарай вирустың таралу сипатының да өзгеретінін анықтады. Сондықтан, балаларға да вакцина дайындау қажеттігі туындап отыр. Дәл қазіргі уақытта Германияда 12 жастан асқан жасөспірімдер ғана вакцина алады.

Сонымен қатар, басылым келтірген генетикалық талдау көрсеткендей, ХІХ ғасырда Азия мен Ресейді шулатқан тұмау эпидемиясы OC43 адам коронавирусынан шыққан болатын. Ол бүгінде қарапайым суыққа тию белгілеріне айналды. Қазіргі таңда жеті айдан бастап 12 айға дейінгі балалар осы тұмаумен ауырады.

Алайда, сарапшылар өз есептеулерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның иммунитеті қанша уақытқа созылатынын ескермеген. Вакцинациядан қорғаудың ұзақтығы мен қайта вакцинациялаудың әсері де белгісіз.

Осыған байланысты, ғалымдар мүмкіндігінше көп вакцина шығарып, көп адамдарды вакцинациялау қажет деген тұжырымға келіп отыр.

Бұған дейін, инфекционист-дәрігер Евгений Тимаков коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың негізгі міндеті аурудың ауыр салдарын барынша азайту және аурудың санын дереу азайту қажеттігін жеткізсе, Сан-Марино әлеуметтік қамсыздандыру институтының өкілі Франко Кавалли жергілікті билік ұйымдастырған зерттеуге қатысушылардың 99% -ында Sputnik V ресейлік вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус инфекциясына қарсы антиденелер анықталғанын атап өтті.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар