Әлемдегі ғылым

Тіс тазалайтын нано роботтар

23.05.2022

262

Тіс түбінде жататын бактериялар тазалауға қиындық туғызатын болғандықтан, түрлі инфекцияларға алып келеді. Себебі, тіс өзегі өте кішкентай, бактериялар оның тіндеріне жиналады. Шетелдік ғалымдар осы олқылықтың алдын алу үшін арнайы тіс тазартатын роботтарды ойлап тауыпты.

Үндістанның ғылым институтының ғалымдары магнит өрісінің көмегімен тістердегі микроскопиялық арналарға бағытталатын және бактерияларды жылу арқылы тазалайтын наноөлшемді роботтарды жасаған.

Тіс түбірінің өзегін емдеу дегеніміз, бактерияларды өлтіретін химиялық заттармен тісті жуу деген сөз. Бірақ, кейбір түрлері антибиотиктерге төзімді болып келеді. Бұған дейін ғалымдар бактерияларды өлтіру үшін арнайы лазерлер мен ультрадыбысты қолданып келді. Оның өзі көп жағдайда діттеген мақсатқа қол жеткізуге аздық етті.

Енді ғалымдар спираль тәрізді және темірмен қапталған кремний диоксидінен жасалған кішкентай дроидтарды жасау арқылы тістерді тереңірек тазартуға қол жеткізу үшін сымды миниатюралық роботтарды жасады. Бұл оларды магнит өрісімен басқаруға және 2000 микрометрге дейінгі тереңдікке беруге мүмкіндік береді.

Ғалымдар тышқан үлгілерінде роботтарды сынап, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдегеннен кейін технологияны коммерцияландыруды көздеп отыр.

Материал https://newatlas.com/medical/dental-nanobots-heat-deep-clean-teeth/ деректері бойынша дайындалды.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар