Әлемдегі ғылым

Катарактаны дәрімен емдеу жолдары қарастырылуда

15.05.2022

1709

Англиядағы Раскин университетінің (ARU) ғалымдары катарактаны дәрімен емдеудің жаңа әдісін жасауда.
Тышқандарға жасалған зертханалық зерттеулер оң нәтиже көрсеткен. Бұл катарактаны тек хирургиялық жолмен ғана емес, сонымен қатар дәрі-дәрмекпен де емдеуге болатынын дәлелдейді.

Катаракта – дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың көру қабілетінің нашарлауына және соқырлыққа әкелетін көз линзасындағы бұлтты дақтар.
Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті нашарлайды. Катарактаның пайда болуы қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы сияқты басқа да жағдайларға байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Сарапшылар катарактасы бар тышқандарды құрамында VP1-001 химиялық қосылысы бар көз тамшылары арқылы емдеген. Нәтижесінде кеміргіштердің көруі едәуір жақсарып, олардың жартысына жуығында көздің бұлыңғырлануы 46%-ға азайған. Емдеудің бұл түрі линзаның ақуыздық құрылымын қалпына келтіргенін көрсетті.

Катарактаны дәрімен емдеудің бұл тәсілі әлем бойынша бірінші рет зерттелуде. Оның қорытындысы туралы мақала Investigative Ophthalmology and Visual Science журналында жарияланған.

Материал https://iovs.arvojournals.org/article.aspx?articleid=2778752 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар