Әлемдегі ғылым

«Дельтакрон» «дельта» және «омикрон» штаммдарының қосындысы ма?

11.01.2022

2231

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «дельтакронның» пайда болуына байланысты түсініктеме берді. ДДҰ төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керхове Twitter-де ол екі штамм, яғни «дельта» және «омикрон» вирустарының қосындысы емес екенін, секвенирлеуге арналған үлгінің ластануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін жазады.

Бұған дейін SARS-CoV-2 коронавирусының «дельта» және «омикрон» штаммдарының гибридінің пайда болуы туралы деректер тарағаны белгілі.
Ван Керхове «дельтакрон» және сол сияқты терминдерді қолданбауды ұсынып отыр. Оның түсіндіруінше, бұл сөздер вирустар/нұсқалар тіркесімін білдіреді, олар тіркесе алмайды.

Осыған ұқсас көзқарасты бұрын Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының секвенирлеу технологияларына негізделген жаңа диагностикалық әдістерді әзірлеу жөніндегі ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов айтқан болатын. Оның айтуынша, «дельтакронға» қатысты шешім зертханалық қатенің нәтижесі болуы мүмкін.

«2022 жылдың 7 қаңтарында GISAID халықаралық дерекқорына коронавирустың жаңа «нұсқасының» 25 тізбегі іс жүзінде орналастырылды. Мен «нұсқа» сөзін тырнақшаға алдым, өйткені мұқият зерттегенде олар зертханалық ластануға, яғни кейбір үлгілердің басқаларымен ластануына ұқсас болып шықты», – деп түсіндірді Хафизов.

Материал https://www.rbc.ru/society/10/01/2022/61dc888e9a794764774ce68b деректері бойынша әзірленді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар