Әлемдегі ғылым

QazVac-қа арналған екінші өндірістік алаң ашылды

13.09.2021

2516

Елімізде коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаратын тағы бір өндіріс орны дайын.

QazVac тағы бір мекеме – «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына шығарылатын болды. Бұл кәсіпорын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі болып табылады. Жұмысын іске асыру үшін арнайы технологиялық жабдықтар сатып алынған. Жеңілдетілген несие арқылы қол жеткізуге Алматы облысының әкімдігі көмектескен. Оның жұмысымен бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов танысты.
Мамандардың айтуынша, осы айда «QazVac» вакциналарының миллион дозаға жететін 300 мың валидациялық сериясы шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «QazVac» «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауыттан ғана шығарылып келген.


Материал https://forbes.kz/process/vaktsinu_qazvac_nachali_vyipuskat_esche_na_odnom_zavode/ деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар