Әлемдегі ғылым

Омега-3 Альцгеймер ауыруына пайдалы

09.09.2021

2467

Каролин, Уппсал және Эребру университеттерінің ғалымдары омега-3 май қышқылдарының Альцгеймер ауыруына шалдыққан науқастар үшін пайдазы зор екенін анықтаған.

Зерттеуге аталған ауырумен ауыратын 33 адам қатысқан. Оның 18-і жарты жыл бойы омега-3 дәруменін таң ертең және кешке қабылдап отырса, қалған 15 адам қабылдамаған. Зерттеу соңында барлығына бірдей ми-жұлын сұйығына талдау жүргізілген. Нәтижесінде Швед ғалымдары омега-3-ті қабылдаған науқастардың қабылдамағандарына қарағанда есте сақтау қабілеті едәуір артып, жақсы нәтижелер көрсеткенін дәлелдеген.

Зерттеу авторларының бірі Ивонн Фрейнд-Левидің айтуынша, Альцгеймер ауруы бар адамдар физикалық белсенді болуы керек және диетасына омега-3 май қышқылдарын қоспалармен немесе майлы балықтың көмегімен енгізуі керек.

Омега-3 май қышқылдары балықтан басқа жаңғақтарда, чиа тұқымдарында және т.б. көп кездеседі.

Қыркүйек айының басында Каунас университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, жеңіл когнитивті бұзылулардың Альцгеймер ауруының дамуына алып келетінін анықтады. Сарапшылар жасанды интеллект көмегімен мұндай бұзушылықтарды анықтау әдісін ойлап тапты. Ғалымдар тіпті мидың МРТ бейнелерін талдауға негізделген алгоритм құрды.

Дереккөзі: https://www.eurekalert.org/news-releases/927692


«« | »»
Соңғы жаңалықтар