Қазақстан ғылымы

Wi-Fi-дың ішек микробиомына әсерін отандық ғалымдар зерттеді

02.02.2023

885



Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің  ғалымдары Wi-Fi-дың ішек микробиомына әсерін зерттеді. 

Микробиом дегеніміз, біздің ішек құрылысымызда өмір сүретін табиғи бактериялар. Яғни, саңырауқұлақтар, вирустар сияқты барлық микробтардың үлкен бірлестігі. Көлеміне қарамастан, микробтар адам денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен үлес қосады. Олар патогендерден қорғайды, иммундық жүйені дамытуға көмектеседі және энергия өндіру үшін тағамның қорытылуына мүмкіндік береді. 

Адам ағзасына пайдалы бактерияларға сыртқы факторлар да әсер етуі мүмкін. Микробиом жұмысының бұзылуынан қант диабеті, семіздік, жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулар, аллергия және ішектің қабынуы сияқты ауруларға алып келуі мүмкін екенін ғалымдар жоққа шығармайды. Тіпті микробиомның тепе-теңдігінің бұзылуы Альцгеймер ауруы және басқа да көптеген патологияларды қоздыруы ықтимал дейді олар. 

Отандық ғалымдар Wi-Fi сәулесінің ішек микробиомына әсерін зерттеген. Тәжірибе барысында кәдімгі Wi-Fi-дан кейін егеуқұйрықтардың ішек микрофлорасының өзгерістері байқалған. 
«Олардың нәжісіндегі барлық бактериялардың ДНҚ-сы тексеріліп, генетикалық материалдың реттілігі және толық биоинформатикалық талдау жүргізілді. Нәтижесінде Wi-Fi сәулеленуінің 14-ші күні биологиялық әртүрлілікті көрсеткен. Сонымен қатар радиацияның ішек микроорганизмдерінің әр түріне әр түрлі әсер ететіні анықталды», – дейді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Б. Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының меңгерушісі Тимур Салиев.  

Зерттеу нәтижесінде эксперименттің бірінші күнінен бастап бифидобактериялардың (Bifidobacterium жануарлары және Bifidobacterium pseudolongu) айтарлықтай азайғаны анықталды. Бактериялардың бұл түрі ішектерді микробтар мен токсиндердің ағзаның ішкі ортасына енгізбеуде маңызды рөл атқарады. Бифидобактериялар органикалық май қышқылдарын өндіру есебінен патогендік және шартты-патогенді микроорганизмдердің белсенділігін басуға да қатысады. Сонымен қатар, олар ағзаға қажетті аминқышқылдары мен ақуыздарды және витаминдердің тұтас кешенін (К және В дәрумендері) белсенді түрде синтездейді.

Wi-Fi сәулеленуі Helicobacter тектес бактериялардың көбеюіне себеп болды. Оппортунистік бактериялардың бұл түрі асқазан-ішек жолдарының ауруларына жауап береді. Зерттеушілер Helicobacter колонияларының өсуі екі аптаға дейін байқалатынын, содан кейін қалыпты жағдайға оралғанын анықтады. 14-ші күні сондай-ақ Flavobacteriia класынан (Weeksellaceae, Elizabethkingia тұқымдасы) шартты-патогенді микроорганизмдердің салыстырмалы көптігі байқалды. 

Дегенмен, ғалымдар бірінші зерттеу нәтижелерінен Wi-Fi желісі адам ағзасына зиян деп, нақты айтуға негіз жоқ деп отыр. Себебі, тәжірибелер кеміргіштерге жүргізілгендіктен, қосымша зерттеулер қажет. Әсерін толық түсіну үшін Wi-Fi сәулесінің адам денсаулығына әсерін зерттеу қажет.  
Жалпы басқа елдерде Wi-Fi-дың адам ағзасына әсері зерттелу үстінде. Зерттеулер Wi-Fi тотығу стрессін, репродуктивті функциялардың бұзылуын, нейропсихиатриялық әсерлерді, соның ішінде ЭЭГ өзгерістерін, апоптозды (бағдарламаланған жасушалардың өлуі), жасушалық ДНҚ-ның зақымдануы, эндокриндік өзгерістер және кальций алмасуының проблемаларын тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. 
Ғылыми зерттеу жұмыстарына С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Назарбаев Университетінің ғалымдары қатысқан. 

Материал https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstanskie-uchenyie-issledovali-vliyanie-izlucheniya-wi-489782/?fbclid=IwAR1dehikOzrnboMKdl56vsyW9leHhnTtoz1Rb0E5olM45DzP-xV2KRIO1wk деректері бойынша дайындалды.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар