Қазақстан ғылымы

Ғалымдар Қазақстан тарихының көп томдығын әзірлеп жатыр

20.06.2022

1601



Ұлттық құрылтайдың I отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды жұмыстың бірі – тарихи әділдік орнату екенін алға тартып, академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бергенін айтып өтті. Бұл тарих елдің көзқарасымен, жүйелі әрі шынайы түрде жазылуы тиіс екенін жеткізді.

- Бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғыртуымыз керек. Ел тағдырын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берген жөн. Соңғы екі жылда бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының есімі ардақталды. Тарихи даталар қалпына келтірілді. Осылайша, еліміздің шынайы шежіресі жазылып жатыр. Өткенге әділ баға берілмесе, жарқын болашақтан үміт күту қиын. Мұны терең түсінген абзал, – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қазіргі таңда Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Оған еліміздің белгілі ғалымдары жұмылдырылған. Оған Мемлекет басшысының өзі де тікелей атсалысатынын айтты.

Тарихымыз Тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті айтты. Ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырып, тіпті қажет болса, шетел ғалымдарын тарту керектігін жеткізді.


Материал https://www.akorda.kz//kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-i-otyrysynda-soylegen-sozi-165458 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар