Қазақстан ғылымы

Ғалымдарымыз жүрек ауруларына арналған имплантация жасады

23.05.2022

1820

Суреті https://inbusiness.kz/kz/author/163 сайтынан алынды


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қуат Абзалиевтің жетекшілігімен жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған имплантацияның жаңа тәсілі жасалды. Дәлірек айтсақ, жоғары көтерілетін аортаның аневризмасы кезінде қақпақшасы бар кондуитті имплантациялаудың отандық тәсілі әзірленді. Ғалым бұл жобаны Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевпен бірге жүзеге асырған. Қуат Абзалиевтің өзі де осы аталған ҒЗИ-ның консультациялық-диагностикалық орталығында меңгеруші болып қызмет етеді, жоғары санатты кардиохирург.

Осы жерде аортаның не екенін түсіндіре кетейік. Аорта – адамның ең үлкен күретамыры. Дәл осы күретамыр арқылы жүректен алынған қан адам денесіне барлық тамырларымен беріледі. Үлкен қысыммен жіберілетін қанның мөлшерден тыс жүктемесінен күш түсіп, күретамыр кеңейе бастайды. Соның салдарынан дорба сияқты әр жерінде кеңейтілген аймақтар пайда болады. Оны аорталық аневризма деп атайды. Ол ауру асқынған жағдайда адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Кардиогхуриргтер оны хирургиялық жолдармен емдейді. Бірақ, жүрек қызметі қалпына келтірілгеннен кейін қан кетуі жиі ұшырасады. Өйткені көбінесе жоғары қысым кезінде қолданылған тігістер арасында қан ағып, әртүрлі асқынуларға әкеледі.


Отандық ғалымдар ұсынып отырған әдіс өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бірақ қосымша манипуляцияларды, яғни қосымша тігіс, синтетикалық материалдарды қолдануды талап етеді. Бұл операция уақытын ұзартады. Нәтижесінде миокард ишемиясының көбеюі жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады және сонымен бірге тігіс бойымен қан кетудің алдын алады.


Олар қолданып отырған «П-тәрізді» тігістерді қолдану қан кетудің, тромбоздың және фистулалардың (денедегі патологиялық немесе жасанды түрде жасалған канал – авт.) пайда болуының алдын алу үшін қажет.

Аорта аневризмасы кезінде аорта кондуитін имплантациялаудың ұсынған ғалыфмдардың әдісі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 22 пациентке сыналды. Бұл ретте қан жоғалту көлемін 1340+555 мл бақылау тобымен салыстырғанда 150 мл+54 мл-ге дейін азайтып, абсолюттік тиімділікті көрсетті.


Материал https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28419/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар