Қазақстан ғылымы

Эльбрус экспедициясы

16.11.2021

2263


Әр елден жиналған ғалымдар тобы Эльбурс тауының оңтүстік беткейінде орналасқан Приэльбрусье ұлттық паркінің экологиялық соқпақтарына экологиялық зерттеулер жүргізді. 10 күнге созылған экспедиция барысында су сынамалары алынып, геоэкологиялық карталар жасалды. Зерттеулер Орыс Географиялық қоғамының Қорық мектебі аясында жүргізіліп отыр.

Өз әріптестерімен бірге қазақстандық ғалым Аида Табелинова да Эльбурс тауларында жүргізілген зерттеулерге қатысты. Естеріңіз сала кетейік, ол ландшафттану, география және ГАЖ-картографиялау саласын зерттеп жүрген геоэколог, «QazaqGeography» РҚБ қызмет етеді.

Аида Табелинова бұл экспедицияда ұлттық парктің ланшафтық ерекшеліктерін зерттеп, рекреациялық сыйымдылықты азайту, яғни табиғат тұрақтылығын сақтап қалу үшін аумақтарды ландшафтық жоспарлау бағдарламасын жасауды мақсат еткен.

Қазіргі таңда «QazaqGeography» «Шарын», «Алтын Емел» ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамыту қолға алынған. Ғалым елімізде экотуризмді дамытумен бірге рекреациялық жүктеме проблемасына баса назар аудару қажеттігін алға тартады. Рекреациялық жүктемені нақты анықтап беретін есептеу әдісі әлі де жоқ болғандықтан, есептен қателеспеу керек. Әйлпесе, экологияға зиян келтіруіміз мүмкін дейді ол. Сол себепті осы экспедиция аясында орындалған зерттеу жұмыстарын отандық ұлттық парктерде қолдануды жоспарлауда.

Материал https://egemen.kz/article/292716-qazaqstandyq-ghalym-elbrus-tauyna-dgasalghan-ekspeditsiyagha-qatysty деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар