ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ

САЯСАТ НҰРБЕК АШЫҚ ДИАЛОГҚА ШАҚЫРАДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек dialog.egov.kz электронды үкімет порталындағы «Ашық үкімет» алаңында жеке блог ашты.
– "Мен «Ашық үкімет» алаңында отандық ғылымды дамыту және жоғары оқу орындарындағы білім беру қызметінің сапасын арттыруға қатысты кез келген ұсыныстар мен пікірлерді тыңдауға дайынмын. Барлық арыз, өтініш, ұсыныстарды мұқият оқып шығып, қажет деген жағдайда тиісті шара қолдануға әзірміз", – деді Саясат Нұрбек порталдағы алғашқы хабарламасында.
Ғылым және жоғары білім министрі бұл блог министрлік қызметкерлеріне еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Осы орайда Саясат Нұрбек қазақстандықтарды өзгелерге үлгі боларлық оң істер туралы айтуды да ұмытпауға шақырды.
Порталдың негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты ойларын білу. Портал арқылы кез келген адам нақты бір мемлекеттік органға немесе жергілікті әкімшілікке тікелей өтініш білдіруге және ұсыныс жасауға, әлеуметтік маңызды сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік алады.

https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim/photos/a.105373878913483/111819861602218