ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов

ҚР Білім және ғылым министрлігіне

бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігіне ғылымды дамыту мәселесіне байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Бірінші, биылғы 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз ету.

Екінші, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтауды, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасау.

Үшінші, Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән бере отырып, оның ребрендингін қамтамасыз ету.

Төртінші, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бойынша бөлімді қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз ету.

Бесінші, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамтамасыз ету.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstanda-songy-eki-zhylda-respublikalyk-byudzhetten-gylymdy-karzhylandyru-shamamen-eki-ese-osti-1232744