Қазақстан астрономиясына 80 жыл

Қазақстандағы белгілі астрономдардың бірі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель



Профессор Виктор Тейфель өзінің https://www.facebook.com/profile.php?id=100024948800417 парақшасында бүгін қазақстандық ғылым үшін мерейтойлық күн екенін жазады.

Осыдан тура 80 жыл бұрын Қазақстанда алғашқы ғылыми астрономиялық бақылаулар басталды. Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі әрі басқалардан өзгеше. Оның ерекшелігі сол, зерттеу объектілері өте алыста және эксперимент жасайтын адам онымен тікелей әрекеттесе алмайды. Физик, химик, биолог нақты нәтиже алу үшін сол тәжірибені жүз, тіпті мың рет жүргізе алады. Астроном болса тек тікелей қол жетпейтін әсермен ғана емес, сонымен қатар планеталар, жұлдыздар немесе галактикалар сияқты үнемі өзгеріп отыратын аспан денелерімен де айналысады.
Астрономиялық зерттеулердің бұл ерекшелігі Ғаламның құпияларына ену мүмкіндігін едәуір шектейді, елеулі шектеулер қояды, бірақ соған қарамастан, астрономияның арқасында, адамзат Жерді аспан әлемінің тегіс әрі жұқа хрустальді сферасы ретінде қарастырмайды.

Астрономия болмаса, адам Жерден ұшып кету туралы ешқашан ойламаған болар еді, ал әлемдегі көптеген басқа нәрселер мүлде басқаша дамитын еді. Сондықтан астрономия қазіргі өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады және кез келген елде оның дамуына тек ғалымдардың өздері ғана емес, сонымен қатар мемлекет те қолдау көрсетуі тиіс.

1941 жылдың 21 қыркүйегі сирек кездесетін астрономиялық оқиғамен байланысты – күннің толық тұтылуы жиегіне Алматы қаласы да кірді. Астроном ғалымдар үшін Күннің толық тұтылуы өте маңызды. Өйткені тек толық тұтылу кезінде ай бүкіл күн дискісін жауып тұрады. Осы бірнеше минут ішінде күн тәжін көруге және оның пішіні, құрылысы мен химиялық құрамы туралы мәлімет алуға болады.

Сондықтан Кеңес Одағының бірқатар обсерваторияларының астрономдары осы күнді жоспарлап, 1941 жылдың қыркүйегінде соғыс жүріп жатқанына қарамастан, қажетті құрал-жабдықтармен бірге Алматыға келді, деп жазады ғалым өзінің парақшасында.

Сұрапыл соғыстың қиындықтарына қарамастан, билік бұл жұмысқа арнайы қаржы бөлген. Академик Василий Григорьевич Фесенковқа КСРО Ғылым академиясының бүкіл бағдарламасына басшылық ету сеніп тапсырылыпты.

Артқа қайтудың мүмкін еместігі түсінікті, сондықтан ғалымдар үшін де, сол өнер қайраткерлері үшін де қауіпті болған туған қалаларынан Алматыға көшуге мәжбүр болған. Фесенков пен оның қызметкерлері қаланың оңтүстігіндегі тау бөктеріндегі Каменск үстіртіне орналасады. Тиховтың тобы Алматының оңтүстік шетіндегі метеорологиялық станцияда тұратын Владимир Николаевич Бухманды паналайды.

Астрономиялық обсерватория құру идеясын Қазақ КСР Министрлер Кеңесі де, КСРО Ғылым Академиясы да қолдайды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына және дамуына ықпал етті. Осылайша В.Г.Фесенковтың жетекшілігімен физика және астрономия институты ұйымдастырылып, Каменск үстіртінде тау астрофизикалық обсерваториясының құрылысы басталады. Кейін фашистер қиратқан Пулково обсерваториясын қалпына келтірген атақты сәулетші, академик Алексей Викторович Щусевтің жобасы бойынша дәл сол Каменск үстіртінде ғимараты салынған Астрофизикалық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылданады.

Ал 1950 жылы ресми түрде ашылған астрофизикалық институттың обсерваториясы біртіндеп астрономиялық құралдармен жабдықталады. Басы репарациядан алынған 50 сантиметрлік Герц телескопынан басталады. Қазіргі таңда ол мұражай экспонаты болып тұр. Дәл осы телескоптың көмегімен институт қызметкерлері жұлдыз спектрофотометриясы бойынша өте маңызды зерттеулер жүргізіп, мыңдаған жұлдыздар үшін энергияның абсолюттік таралуы каталогтарын жасады.