Қазақстан ғылымы

ҚР Ұлттық ғылым академиясының жетістіктері талқыланды

09.12.2021

2893

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жетістіктері: білім мен ғылымның жаңа стратегиясы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен отандық ғалымдар, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты, деп жазады https://vecher.kz/.
Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның отыз жыл ішінде ғылым мен білім саласындағы қол жеткізген жетістіктеріне баға беріп, алдағы міндеттерді белгілеу.
Дөңгелек үстел модераторы ҚазҰАЗУ ректоры Тілектес Есполов қазіргі таңда ел экономикасының әрі қарай дамуындағы негізгі фактор сөзсіз білім мен инновациялық технологиялар екенін алға тартты. Инновациялық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі дамыған ғылым және жоғары кәсіби білім екені анық.
Бүгінде елімізде ғылым саласында 23 мың адам еңбек етуде. Ғылым және білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Оған дәлел – «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің қоғамдағы рөлі мен беделін арттыруға ықпал етті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарына білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының жоғары білімін интернационалдандырудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы» бекітілді.

Бірыңғай Орталық Азия жоғары білім беру аймағын құру туралы Декларация, Болон процесі Хатшылығының Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің ұлттық біліктілік шеңберін өзін-өзі сертификаттауы, яғни барлық Еуропа елдерінің қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарын тануы туралы есебі қабылданды.


Сондай-ақ, дөңгелек үстел басында 80 жасқа толып отырған әлем мойындаған белгілі ғалым, химик Мұрат Жұрынов құрметке бөленді. Білім және ғылым министрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық ғылымға қосқан үлесі мен оны дамытуда атқарған қызметі үшін құттықтау хаттарын оқып, құттықтады. Ғалым Алматы әкімінің «Еңбегі үшін», Ұлттық ғылым академиясының «Қазақстан Жоғары мектебінің құрметті қызметкері» медальдарымен, ҚР ЖОО ассоциациясының алтын медалімен мараптталды.
Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Жұрынұлы химия саласы бойынша 20 монографияның, 500-ден аса ғылыми мақаланың, 108 патенттің авторы.

Материал https://vecher.kz/dostizheniya-natsionalnoy-akademii-nauk-rk-obsudili-na-kruglom-stole-v-almati деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар