Ғалымдар жануарларда кездесетін аурулармен күресте экономикалық тиімді балама нұсқа ұсынды
«Қазақстан Республикасындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының ветеринарлық қауіпсіздігінің әртүрлі стратегияларының экономикалық тиімділігін талдау» (Қазақ ветеринария ғылыми зерттеу институты) бағдарламасы аясында:
- әлемдік тәжірибе, Халықаралық эпизоотия бюросына (ХЭБ) мүше-елдер, Еуропалық кеңес, Солтүстік Америка және халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен ветеринарлық шаралар туралы экономика саласындағы ғылыми жарияланымдарға талдау жүргізілді және сібір жарасы, туберкулез ауруларымен күрестің экономикалық тиімділігі бағаланды;
- сібір жарасы, нақтылы нұсқаулықтар шарасы, ауыру әлеуеті және өлім көрсеткіштері бар туберулез сынды аурулармен күрестің әртүрлі стратегиялары егжей-тегжейлі сипатталды;
- жұмыс аясында сарапталған сібір жарасы, туберкулез ауруларымен күресте экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді баламалы стратегияларды енгізу және таңдау бойынша ұсыныстар әзірленді.
"ҰМҒТСО" АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі