Ғылыми жаңалықтар

Британдық кәсіпкер қараңғыда жанатын балмұздақ ойлап тапты

27.11.2013

4872

Lick Me I'm Delicious балмұздақ компаниясының негізін қалаушы британдық Чарли Фрэнсис қараңғыда жарқырайтын бірегей балмұздақ ойлап тапты, деп жазады rosbalt.ru.

Балмұздақ жасау барысында Чарли адамның сілекейі тиген кезде жарқырайтын медузалардың арнайы ақуыздарын пайдаланды. Бұл ақуыздарды анықтау өте қымбат процедура болғандықтан балмұздақтың құны да жоғары болып келеді - 225 АҚШ доллары. Адам балмұздақты жалаған сайын ол жарқырай түсетін көрінеді.

Сонымен қатар Чарли алдағы уақытта көзге көрінбейтін балмұздақ та жасап шығармақшы екен.

www.today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар