Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, м.ғ.д. А.Ж. Әбдрахманов туа пайда болған идиопатиялық сколиозды және операциядан кейінгі қалған деформацияны емдеу, алдын алу иехнологиясын жетілдірді.
Зерттеуге эндокорректор көмегімен хирургиялық ем алған 242 науқас қатысты: стержендік (69 науқас) және пластинкалы (173 науқас). Хирургиялық түзетуден соң «тік арқа-омыртқа» синдромы екіпластинкалы эндокорректормен емделген 13,3% науқаста, екістерженьді эндокорректормен емделген 16,7% науқаста байқалды. Пластикалы эндокорректормен 3 науқас (2,1%), стерженьді эндокорректорды қолданған 1 науқаста (2,6%) неврологиялық асқыну байқалды. Осылайша омыртқаның қисаюы доғасының жұмылғыштығын операцияға дейінгі омыртқаны түзету мүмкіндіктері интраоперациялық анықтау тәсілі әзірленді. VCM технологиясын қолдану сколиоздың негізгі әрекет етуші факторы және оны түзетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 18 мақала жарық көрген, оның 10-ы шетелдік басылымдарда басылған.
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №1 бөліміне енгізілді. Жоба нәтижесі науқастардың толықтай жазылып кетуі мен оларды әлеуметтік қолдауға көмектеседі.
«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі