Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының профессоры, т.ғ.д. Е.Н.Әмірғалиев робот техникасы жүйесінде 3-өлшемді машиналық көрудің зияткерлік жүйесін жасады. Зерттеу барысында нысандарды автоматты түрде байқылау тәсілдері әзірленд. Машиналық көру қабілетін және өзге де адам-машина интерфейсін пайдаланатын робот техникасы жүйесі сынақтан өтіп, жасалды.
Жоба ойынша 2013-2015 жылдар аралығында 74 мақала жарық көрді, оның 29-ы шетелдік басылымдарда жарық көрген, олардың 18-і Scopus мәліметтер базасындағы
Жасалған технология әзірленген робот техника мобильді кешеніндегі 3-өлшемді машиналық көру жүйесі мен адам-машиналық интерфейс негізіндегі бағдарламалар және басқарылатын алғышарттар енгізілді.
Аталмыш жүйе сынды жобалардың жобалаудың бұрыннан келе жатқан тәсіліне толықтай сараптама ұсынылды. Әзірленген жобаны таныстыру кезінде ҚР Қорғаныс министрлігі қызығушылық танытып, алыстан басқарылатын және қару-жарақ орнатуға мүмкіндік беретін доңғалақты шуылы аз (аэромобильді әскер)жылдамдығы жоғары платформа жасауды ұсынған.
Аталмыш робот ұрыс жағдайында адам өмірін сақтап қалуға немесе адамның мүмкіндігі шектеулі жағдайларда, сонымен қатар кез-келген әскери мақсаттарда: барлау, жауынгерлік іс, минаны алып тастау және т.б. кездерде пайдалануға болады. Жасалған платформа барлаушы, сапер немесе мерген бола алады. Өте жоғары жылдамдық пен салмақ ойлы-қырлы жерлерде айтарлықтай ара қашықтықты тез жеңуге мүмкіндік береді.
«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі