Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, в.ғ.д. Н.Ғ. Асанов құстардың вирусты-инфекциялық өкпе қабынуына мониторинг жасап, диагностикум әзірледі, алдын алу шараларын қарастырды деп хабарлайды "ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. ИФС негізінде серологиялық жайғастыру бойынша эпизотологиялық мониторинг жасалды. Құстардың эпизотологиялық вирусты-инфекциялық өкпе қабынуының Қазақстандық штаммасы бөлінді, оны дайындау технологиясы таңдап алынды және биологиялық бақылау жасау тәсілдері жасалды. ТГАР-ға (түзу емес гемагглютинация реакциясы) арналған жаңа эритроцитарлы диагностикум ұсынылды. МПИП-ге арналған «К-32-13» штаммасы негізінде инактивтелген эмульсиялы вакцина әзірленді.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 3 мақала жарық көрген, оның 1-еуі шетелдік басылымда басылған және ҚР 2 Патентін иеленген. Жоба нәтижесі Микробиология және вирусология институтында енгізілді.
Құстардың инфекциялық вирустық метапневмониясын иммунды алдын алу және Vero жасушасын қолданудың болашағы – анықтау құралдарын жасаудағы вирусты материалдардың атқарымын белгілейді. Отандық биопрепараттарды өндіру мен шығаруды ұйымдастыру – республикамыздағы тиімді биопрепараттарға деген сұранысты қанағаттандырып, шетелдік препараттардың импортын азайтады. Ұсынылған МПИП вирусының индикациясының әдісі мен әзірлегнген вакцина ветеринариялық зертхана жағдайында диагнозды мезігінде дұрыс қоюды қамтамасыз етеді және инфекцияны таратуды шектейді, бұл өз кезегінде экономикалық шығындарды әлдеқайда төмендетеді.
«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі