Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық 10 журнал Web of Science Core Collection топтамасына енді

16.02.2018

5189

Соңғы екі жыл қазақстандық журналдардың халықаралық деңгейде көріну кезеңі болды. Бүгінгі күнде Қазақстанның 10 журналы Web of Science Core Collection ядролық топтамасына еніп отыр. Ғылыми мақаланы жариялауда іріктеу қазақстандық ғалымдар үшін өзекті әрі зәру мәселе болып отыр. Өткен жылдың соңғы кезінде жасаған Clarivate Analitics сараптамасы бойынша қазақстандық авторлардың халықаралық басылымдарда мақалалар санының артуы жағдайында отандық мақалалардың 1/3 жалған журналдарда жарияланған. Оның негізгі себебі – ғалымдарымыздың мақала жариялауда журналдарды дұрыс таңдамауы.
Жалған журналдарға тап болмаудың бір әдісі – халықаралық қауымдастық мойындаған, Web of Science Core Collection мәліметтер базасына енген қазақстандық журналдарға мақала жазу. «ҰМҒТСО» АҚ үшін арнайы жасалған ең жаңа сараптама қазақстандық топ-10 журналды көрсетті, олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың үш журналы және ҚР ҰҒА-ның 4 журналы бар.
Web of Science Core Collection мәліметтер базасына енген ең ықпалды халықаралық 10 журналдың қатарында:

1. Еуразия математикалық журналы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)

2. Еуразия химия-технологиялық журналы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

3. Central Asian Journal of Global Health (Назарбаев Университеті)

4. Қарағанды университетінің Хабаршысы. «Физика» сериясы. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)

5. Қарағанды университетінің Хабаршысы. «Математика» сериясы. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)

6. Қарағанды университетінің Хабаршысы. «Химия» сериясы. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)

7. ҚР ҰҒА Хабаршысы

8. ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы

9. ҚР ҰҒА Хабарлары, Физика-математика сериясы

10. ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар